Синоптиктер ескерту жасады

«Демалыс күндері оңтүстікте +27°C, ал солтүстікте қар жауады», деп хабарлайды  Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы.

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағы арқылы бірнеше циклон өтіп, бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауады. Сонымен қатар солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері солтүстік өңірлер арқылы солтүстік циклонның жырасы өтеді. Ал 8 қарашадан бастап Қазақстан аумағына оңтүстік циклон жылжи бастайды. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік өңірлерде негізінен жаңбыр жауады. 8 қарашада батыс аймақтарда қатты жаңбыр жауса, 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста жаңбыр мен қар болжанып отыр. Сондай-ақ солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Синоптиктер алдағы күндері өңірлердегі ауа температурасы да құбылатынын ескертеді.

Өңірлердегі ауа температурасы:

  • Батыс Қазақстанда: түнгі ауа температурасы бастапқыда -3…+5°C болса, кейін -8…+3°C аралығында болады. Күндіз +5…+15°C-тан +2…+10°C-қа дейін төмендейді.
  • Солтүстік-батыста: түнде -1…-8°C-тан -6…+3°C-қа дейін, күндіз +2…+10°C-тан -3…+5°C-қа дейін өзгереді.
  • Шығыс өңірлерде: түнгі температура -9…+2°C-тан -5…+8°C-қа дейін көтерілсе, күндіз +2…+12°C-тан +9…+17°C-қа дейін жоғарылайды.
  • Оңтүстікте: түнде ауа температурасы -2…+6°C-тан +7…+17°C-қа дейін, күндіз +10…+23°C пен +18…+27°C аралығында болады.
  • Оңтүстік-шығыста: түнде +0…+10°C-тан +7…+15°C-қа дейін жылынады. Таулы аудандарда түнгі температура -3…-8°C-тан 0…+5°C-қа дейін құбылады. Күндіз өңірде +15…+25°C, кейін +17…+25°C, ал таулы аймақтарда +10…+15°C шамасында болады.

Еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Сондықтан мамандар тұрғындарға ауа райының құбылмалы болатынын ескеріп, әсіресе көктайғақ күтілетін өңірлерде жол қауіпсіздігіне мұқият болуға кеңес береді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика