Алматы тауларында адасып кеткен әйелдің денесі табылды

Алматыда екі күн бұрын жоғалып кеткен әйел Бутаковский сарқырамасы маңынан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Аламыт қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«20 желтоқсанда сағат 13:04-те Бутаковский сарқырамасы маңында іздеу-құтқару жұмыстары кезінде Букреев шыңы маңында жоғалып кеткен әйелдің денесін ТЖД құтқарушылары тапты», — делінген дереккөз терген ақпаратта. 

ТЖД мәліметтері бойынша, жоғалып кеткен әйел туралы 19 желтоқсанда 102 жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Ол марқұмның тауға сноуборд тебуге шығып, артынан байланыссыз қалғанын айтқан. Осыдан кейін іздеу аймағына дереу аймақтық ТЖД бөлімшелерінің, полиция қызметкерлерінің, ТЖД құтқарушыларының және еріктілердің күштері жіберілді. Оқиға орнында Алматы және Алматы облысының ТЖД басшылығымен жедел әрекет ету тобы құрылды.

Мәйітті тапқаннан кейін құтқарушылар теңіз деңгейінен шамамен 2100 метр биіктіктен Мұзтау (Бутаковка) шатқалындағы бақылау-өткізу пунктіне түсті. Сол жерде әйелдің денесі полицияға тапсырылды. қазыргы таңда Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша анықтау жүргізіледі.

Іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен еріктілерді қоса алғанда, жетпіс үш адам қатысты. Алматы қаласы мен Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінен және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығынан он бірлік техника, бес дрон және үш ит бөлімшесі жұмылдырылды.

Фото: 112Almaty

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика