Алматыдан Астанаға ұшқан рейс шұғыл қайта қонды

Алматы – Астана бағыты бойынша таңертең ұшып шыққан рейс кезінде ұшақ салонында түтін пайда болып, экипаж Алматы әуежайына қайта қонған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2025 жылғы 17 желтоқсанда Астана қаласының уақытымен сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында «Эйр Астана» АҚ пайдаланатын Airbus A321N EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды. «Қазаэронавигация» РМК әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAYDAY дабылын жариялады», – делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Әуе кемесі сағат 07:40-та қонды, содан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы әуежайының ұшу-қону қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелері жұмылдырылды.

Министрліктің хабарлауынша қазіргі уақытта көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің қызметкерлері осы авиациялық оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика