Ақ үй АҚШ азаматтығын 1 млн долларға сата бастады

Ақ үй «Трамптың алтын картасын» сататын веб-сайтты іске қосты. Дональд Трамп бұл картаны америка азаматтығына жетудің ең жылдам жолы деп атады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.  

Дереккөздің жазуынша, өтініштің құны 15 000 доллар.

Атақты алтын карта АҚШ-та тұрақты тұрғысы келетін қалталы шетелдіктерге арналған. Қалтаңызда  1 миллион долларыңыз болса, Американың азамыты ретінде тұрақты тұруға рұқсат ала аласыз.  Алғашқы өтінім беру құны 15000 АҚШ доллары деп белгіленіп отыр. Бұл сома өтініш қабылданбаған жағдайда кері қайтарлымайтыны да ескертілді.

«Трамптың алтын картасы» деп аталған картаның веб-сайттағы нұсқасынан тіктөртбұрышпен жасалғаны көрсетілген. Онда сондай-ақ АҚШ президентінің бейнесі, ақ бүркіттің басы, Бостандық мүсіні және Америка туы бейнеленген.

Веб сайтта бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытқан кез келген адам өтініш бере алатыны жазылған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика