Бұдан былай шұғыл жедел жәрдем шақырту ақысы қымбаттауы мүмкін

Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл дәрігер шақырту үшін төленетін ақыны көтеру туралы бастама жасаған, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.

28 қараша күні жарияланған министрлік бұйрығының жобасы 15 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға түседі.

Онда: «МСАК ұйымдарының жұмыс уақытынан тыс шақыруларының 4 дәрежелі шұғыл жағдайларына кеткен шығындарды төлеу, тарифтер бойынша төленеді, олар бір тіркелген адамға 340 теңгеден 360 теңгеге дейін өседі. Бұл құтқару қызметтерінің ресурстарын күшейтеді және азаматтардың жүгінуіне жылдам жауап беруге мүмкіндік береді» деп жазылған.

Талқыланатын жоба Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының жұмысына тікелей қатысты. Бұйрық қабылданар болса, жұмыс уақытынан тыс шақыруға қатысты төлемнің жаңа ережесі бекітіледі.

Яғни, түн ортасында бала ауырса, 103-ке хабарласып, сағаттап күтудің қажеті болмауы мүмкін. Оның орнына тіркелген емханадағы учаскелік дәрігер немесе бригаданы үйге шақыртуға мүмкіндік туады. Оған ақы МӘМС қорынан төленеді.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика