Фото: instagram.com/zeineladilet
Марқұмның күйеуі Әділет Ғанибекұлы әлеуметтік желіде келіншегін тағы да есіне алып, жазба арнады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпарат порталы.
– Менің жұбайым жай ғана батыр емес еді.
Ол – менің ғаламым, бауырлары мен сіңлілеріне тірек, ата-анасына мақтаныш пен қуаныш, айналасындағы адамдарға шынайы бақыт болды.
Ол – біздің үйіміздің жылуы, нұры, жүрегі еді.
Өкінішке қарай, оның өмірі үзілді… Бірақ оның жарығы сөнген жоқ.
Ол – құтқарып қалған жандардың жүрегінде, еске алып, сағынышпен дұға еткендердің жүрегінде мәңгілікке сақталады.
Ол – өзінен кейін өшпейтін із қалдырды, жарының, отбасының, жақындарының, оны таныған әр жанның жүрегінде.
Сен әрқашан жүрегіміздесің, жаным… – деп жазды Әділет Ғанибекұлы.
