Павлодар облысында орналасқан «Богатырь көмір» ЖШС-де 31 жастағы электр слесарін ток соғып, салдарынан жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жазатайым оқиғаны тергеуді ұйымдастыруда. Соның нәтижелері бойынша мән-жайы мен себебі анықталады.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Компания қайтыс болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі,-делінген «Богатырь көмір» ЖШС баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Фото: Валерий Бугаев
