Қазақстанның қаражатымен қалтасын қалыңдатқан: кіші Винокуров жаңа қызметке тағайындалды

«Биылғы маусымда Алекс бірнеше жарақат алды. Олардың соңғысы өте ауыр болды. Иә, ол мінез көрсетіп, қалпына келіп, командамен бірнеше жарысқа қатысты. Бірақ оның мансабын аяқтау туралы шешімі толық түсінікті.
Дегенмен, Алекс велоспортта қалуды таңдап, оқудан өтіп, емтихандарды сәтті тапсырды. Әлемдік тур мен құрлықтық екі командада қажетті тәжірибе жинауға, сенімділік алуға және кәсіби велоспорттың арғы жағындағы жұмысын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл оңай емес. Сондықтан тиісті табандылық пен талпыныс болса, Алекс бәрін жеңеді деп үміттенемін», – деді XDS Astana Team-нің бас спорттық директоры Александр Шефер.

Естеріңізге сала кетейік, кіші Александр 2025 жылғы маусымның басым бөлігін жарақат салдарынан өткізіп алды. Ол наурыз айының басында Грекияда өткен жарыстар сериясына дайындық кезінде оң жамбас сүйегін сындырып алған еді.

Еске салайық, Александр Винокуровтың бас демеушісі Қазақстанның алпауыт компаниялары болды. Ал Astana велоклубының менеджердері ақша ұрлағандары үшін істі болды.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика