Зардап шеккендер бар: Алматыда екі автобус соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда екі қалалық маршруттық автобус соқтығысты, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден фото мен видео жарияланды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:40-та Медеу ауданында болғанын хабарлады.

«69-маршруттың жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Назарбаев даңғылынан шығыс жақта орналасқан аялдама кешенінде тұрған 208-маршруттық автобусына соқтығысқан. Апат салдарынан 69-маршруттың жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», – деп мәлімдеді полиция.

Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика