ҚТЖ-ның мүлкін жымқырды деп күдікке ілінген теміржолшыға ақтау үкімі шықты

«Қазақстан темір жолы» ҰК қарасты Жетісу облысы, Үштөбе темір жол станциясының қызметкері Бекет Байділдановты сот кінәсіз деп таныды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Аталған сотқа төрағалық етуші Жетісу облысы, Қаратал аудандық сотының судясы Азамат Садуақасов, сотталушыға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы тағып отырған айыпты негізсіз деп таныды.

Бекет Дусенбекович Байдилданов ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігінің 3)
тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп
танылып, оның іс-әрекетiнде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы
болмауына байланысты ақталсын.
Бекет Дусенбекович Байдилдановтың қылмыстық жауаптылыққа
заңсыз тартылуы арқылы келтірілген зиянды өтеуге құқығы танылсын.
Азаматтық талапкер «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»
Акционерлік қоғамының азаматтық жауапкер Бекет Дусенбекович
Байдилдановтан 734 053 (жеті жүз отыз төрт мың елу үш) теңге материалдық
залал өндіру туралы қойған талабын қанағаттандырудан бас тартылсын,-делінген сот үкімінде.

Айта кетейік Бекет Байдилданов телім бастығы болып қызмет істейтін  Үштөбе  темір жол станциясына темір жол бойындағы ескірген бұрандаларды ауыстыру мақсатында Алматы қаласында орналасқан ҚТЖ-ға қарасты материалдық базадан 1тонна (1785 дана) көлеміндегі арнайы бекіту бұрандалары (шуруп)  жеткізілген. Артынша,жергілікті Жолдағы полиция бөліміне жоғарыда қабылдап алған бұрандалардың қолды болғандығы туралы арыз түскен. Осы арыз негізінде ҚР ҚК-нің  189-бабы 2-бөлігінің 3)
тармағымен қылмыстық іс бойынша тергеу басталып, іс сотқа өткен болатын. Біз алдыңғы соттардың барысы туралы сотқа арнайы қатысып материал жазған болатынбыз. 

 

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика