Тағы да апат: Жезқазғанда ЖЭО-да 3 қазандық істен шықты

Жезқазғанда Жылу-энергия орталығында бірнеше қазандық істен шығып қаладағы жылу температурасы төмендеді, деп хабарлады,- jurtmedia.kz

Кеше алғашқы болып ЖЭО-дағы 3-қазандықта жарықшақ пайда болып жылу беру температурасы қалыпты 73 градустан 63 градусқа дейін төмендегендігі айтылған.

Осыған байланысты қала әкімі Қайрат Шайжанов Жылу энергия орталығындағы қазандықтардың апаттық тоқтап қалу себебін түсіндіріп кеше кешкі 20:00-ге дейін қалыпқа келетіндігін айтқан. Қала әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта ЖЭО-да 2 қазандық ғана жұмыс істеп тұр.

Кеше кешке №4 қазандықта жарықша пайда болды. Ақау анықталғаннан кейін қазандық өшіріліп, жөндеуге кірістік. Қазандық бүгін сағат 20:00-ге дейін қайта іске қосылатын болады. Бүгін сағат 7:15-те №5 қазандықта тағы бір жарықша анықталды. Бұл жөндеу жұмыстары таңертең аяқталады деп күтілуде. №6 қазандық бүгін сағат 10:15 – те істен шықты, мұнда түтін сорғыш қозғалтқышында ақау анықталды.  Аталмыш қазандық бүгін түн ортасына дейін қалыпқа келтіріледі деп күтілуде, -деді Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов Instagram желісіндегі парақшасында.

Қала басшысы бүгін түнде 4 қазандық жұмыс істеп, температура қалыпқа келетінін және таңертең 10.00-де 5-ші қазандықты іске қосуды жоспарлап отырғанын айтты. Ал, №6 қазандықты қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталатындығы туралы әзірге ақпарат берілген жоқ.