Қылмыстық топқа қамқорлық көрсеткен лауазымды тұлғалар бар екені анықталды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы туралы істі Алматы прокуратурасы тергеуде.
Қылмыстық топ 43 кг-нан астам тәркіленген марихуаналарды елге, ондаған пошта сәлемдемелері арқылы әкелгені белгілі болды. Сәлемдемелер еліміздің бірқатар ірі қалаларының тұрғындарына арналған. тексеру тінту барысында, 10 адам ұсталды.
Олардың айғақтары бойынша есірткі контрабандасының схемасын реттеп отырған, ұйымдасқан кибер топ әрекет ететіні белгілі болды. Ол «кураторлардан», «буып-түюшілерден» және «дропперлерден» тұрған. Оларды үйлестіру «Феликс Гальярдо» және «Джордан Белфорт» деген атаумен жалған аккаунттар арқылы телеграммда жүзеге асырылған.
Аккаунттың иесі және есірткі дүкенінің ұйымдастырушысы Павлодар облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан адам болып шықты.
Қаскүнем кінәсін мойындап, есірткі әкелу схемасын және криптовалютамен төлем жасау механизмін әшкереледі. Тергеу барысында АҚШ-тан есірткі құралдарын сатып алуды қаржыландырған тұлғалар анықталды. Олар Мекемеде жазасын өтеп жүрген қылмыстық беделге ие азаматтар болып шықты. Тапқан табыстары туыстарына мүлік сатып алып, соларға тіркеу жолымен жария етілген, -делінген дереккөз берген ақпаратта.
Сот 5 пәтер мен 3 ғимаратқа, 10 учаске мен 44 автокөлікке тыйым салды. Олардың құны 1 млрд теңгеден астам.
Құқық қорғау органының айтуынша бүгінгі күні қылмысқа қатысты күдіктілер саны 20 азамат. Олардың ішінде қылмыстық топқа қамқорлық көрсеткен лауазымды тұлғалар да бар.
Фото: ашық дереккөзден.