Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық поталы.

Айта кетейік, «Отан қорғаушылар» мемориалы 2001 жылы Астана қаласында ашылды. «Отан Ана» монументі – қаһарлы соғыс жылдары майданда ел бостандығы үшін мерт болған жауынгерлер мен арамызда үлгі-өнеге болып жүрген соғыс ардагерлеріне деген ерекше құрмет белгісі.