Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысы бар күдікті ұсталды

Алматыда бес адам қаза тапқан жеке тұрғын үйдегі өртке қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы әйел ұсталды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиға жеке бас араздығы салдарынан қасақана өрт қоюдан болған. Полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, күдіктінің қозғалыс бағытын анықтаған.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, өрт 26 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданында болған. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның мәйіті табылған. Бұған дейін үй иесі Қуаныш Кеңес өртке осы үйде бұрын тұрған әйелдің қатысы болуы мүмкін екенін айтқан. Оның сөзінше, күдікті үш ай бұрын да үйді өртемек болған. Сол оқиғадан кейін әйел үйден шығарылған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика