Карина Ибрагимова Олимпиада жүлдегерін жеңді

Боксшы Карина Ибрагимова Ташкентте өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген отандасымыз ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Қытай Тайбэйінің өкілі У Ши Имен кездесті. Тартысты жекпе-жек барысында Карина Ибрагимова қарсыласынан басым түсіп, үшінші раундта оны нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз  кемінде қола медальді қанжығасына байлады. Енді ол әлем кубогының финалына шығу үшін жартылай финалда бақ сынайды.

Айта кетейік, У Ши И 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған. Карина Ибрагимовадан жеңілгеннен кейін оның әлем кубогындағы жарыс жолы аяқталды.

Бокстан әлем кубогының Ташкенттегі кезеңі 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа бірқатар көшбасшы боксшысынсыз қатысып жатыр. Атап айтқанда, ұлттық құрама сапында қазіргі әлем чемпиондары жоқ.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика