Қазақстанда мобильді байланыс құны өседі

Қазақстандағы Beeline, Kcell, Tele2 және Altel операторлары тариф бағасын көтеруді жоспарлап отыр деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

Бұл туралы компания басшылары Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді.

Beeline тарифтерді биыл орта есеппен 10 пайызға қымбаттатуды көздеп отыр. Компания мұны желіні жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу шығындарымен түсіндірді.

Kcell тариф бағасын 10–12 пайызға көтеруі мүмкін. Компания соңғы төрт жылда инфрақұрылымды дамытуға 468 миллиард теңге инвестиция салғанын атап өтті.

Ал Tele2 және Altel кейбір тарифтік жоспарлардың құнын келесі жылы 10–15 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отыр. Оператор бұл шешімді мобильді интернетті тұтыну көлемінің артуымен және желіні кеңейту қажеттігімен байланыстырды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика