ҚТЖ-ға жаңа басшы келді

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып Ерсайын Нағаспаев тағайындалды,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық сараптамалық порталы.

Тиісті шешімді «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы қабылдады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ерсайын Нағаспаев Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2025 жылғы ақпаннан бастап Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды. Ал 2021–2025 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарушы директоры болды.

Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде, Көлік және коммуникация министрлігінде, сондай-ақ «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да қызмет атқарған.

Сонымен қатар Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болған.

Айта кетейік, бұған дейін Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылған еді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика