Отандық ғалымдар Илон Маскпен бәсекеге түсуге ниетті

Еліміз спутник ұшыру нарығына шығып, ғарыш саласында өз орнын қалыптастыруды көздеп отыр,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиевтің айтуынша, еліміздің бұл нарықта бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік бар. Ол бұл туралы Қазақстанды Орталық Азияның цифрлық хабына айналдыру жолдары жөніндегі брифингте мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазір спутник ұшыру нарығының басым бөлігі Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі. Министр компанияның әлемдік нарықтағы үлесін 85–90 пайыз деп бағалады. Сонымен қатар спутниктерді орбитаға шығаруға арналған мүмкіндіктер әлемде жеткіліксіз екенін атап өтті.

Жаслан Мәдиев Қазақстанның басты артықшылықтары ретінде Байқоңыр ғарыш айлағын және отандық ғарыш саласының дамуын атады. Қазір еліміз ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бастап, жерді қашықтан зондтауға арналған спутниктер өндірісі мен ұшыру инфрақұрылымына дейінгі өзара байланысты жүйені қалыптастырып жатыр.

Министрдің пікірінше, ендігі міндет — осы бағыттарды одан әрі дамытып, отандық спутниктерді өз мүмкіндігімізбен орбитаға шығару қызметін жолға қою. Алайда бұл қызметтің нақты қашан басталатыны және нарықтың қандай үлесін иелену жоспарланып отырғаны әзірге белгісіз.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика