Шекара өткізу бекеті уақытша жабылады

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Чалдыбар» өткізу бекеті 25 қарашадан бастап көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Қырғызстан бұқаралық ақпарат құралдарында мәлім етілген. Осы елдің Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, 25 қараша сағат 01:00-ден бастап Шу облысындағы  бұл бекет арқылы жеңіл және жүк көліктері, сондай-ақ автобустар өткізілмейді. Алайда азаматтар шекараны жаяу кесіп өте алады.
Ал 23 қарашадан бастап Қазақстаннан Қырғызстанға жүк көліктерінің кіруіне шектеу қойылған. Уақытша шектеу Жамбыл облысы Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» өткізу бекетінде құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізіліп отыр. Алдын ала мәліметке сүйенсек, екі бекет арқылы көлік қозғалысы 2027 жылдың соңына қарай қайта жандануы мүмкін. Осы кезеңде жүргізушілер Қырғызстанның Шу облысындағы «Ақ-Жол», «Ақ-Тілек», «Кең-Бұлұң» және «Тоқмақ» өткізу бекеттерін пайдалана алады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика