Қазақстан агроөнеркәсіп өнімдерінің экспортын екі есеге арттырды

Қазақстанда соңғы жеті жылда ауыл шаруашылығы саласындағы азық-түлік өндірісі 28 пайызға өсті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

Президенттің айтуынша, осы кезеңде жалпы құны 2,7 триллион теңге болатын 1630 инвестициялық жоба іске қосылған.

Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады. Оның ішінде өңделген өнімнің үлесі 52 пайызға жетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өткен жылы соңғы жиырма жылда алғаш рет ауыл шаруашылығы саласында ұлттық санақ жүргізілгенін атап өтті. Санақ барысында цифрлық технологиялар қолданылып, саланың нақты жағдайын көрсететін ауқымды деректер жиналған.

Президент ауыл шаруашылығының әлеуеті жоғары екенін айтып, қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жұмысты жеделдету қажеттігін жеткізді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика