Жолбарыстар жыртқыштық таныта бастады

 Ресейден жеткізіліп, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жіберілген Үміт пен Амур жолбарыстары табиғи ортаға бейімделіп, өз бетінше аң аулай бастады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.Ведомство мәліметінше, ұрғашы Үміт жолбарысы жабайы табиғатта қабан, Бұхар бұғысы және қасқыр аулаған. Ал резерватқа кейінірек жіберілген аталық Амур да екі рет сәтті аң аулаған.

Мамандар жыртқыштардың тіршілігін спутниктік қарғыбаулар арқылы бақылап отыр. Олардың қозғалысы, мекендейтін аумағы мен мінез-құлқы тұрақты түрде қадағаланбақ.

Еске салайық, Үміт биыл 31 шілдеде, ал Амур 31 қазанда «Іле-Балқаш» резерватына жіберілген. Бұл-Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін жолбарыстарды жабайы табиғатқа қайта жерсіндіру жолындағы маңызды қадам. Ал екі жолбарыс күшігі әзірге мамандардың бақылауында. Оларды табиғатқа жіберу мәселесі өз бетінше тіршілік етуге дайын болған кезде шешіледі.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика