Димаш Құдайберген WBC-дің құрметті белбеуін иеленді

Димаш Құдайберген Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрметті белбеуімен марапатталды деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

Салтанатты рәсім 19 қарашада Мексиканың астанасы Мехикода өтті.

WBC әншіні халықаралық жетістіктері мен халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін марапаттаған.

Белбеуді Димашқа Қазақстанның WBC-дегі өкілі Әлихан Жарылғапов пен ұйым өкілдері табыстады. Марапаттау бастамасын кеңес президенті Маурисио Сулейман көтергенімен, ол денсаулығына байланысты рәсімге қатыса алмады.

Айта кетейік, WBC-дің әйгілі жасыл белбеуін бұған дейін Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және қазақстандық Геннадий Головкин иеленген.

Дүниежүзілік бокс кеңесі спорттан тыс салаларда да ерекше жетістікке жеткен тұлғаларды арнайы марапаттап келеді. Олардың қатарында Нельсон Мандела мен Түрки әл аш-Шейх бар.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика