Таразда кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалды қиратып кетті

Тараз қаласындағы «Қарасу» шағынауданында орналасқан зират аумағында белгісіз біреулер кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалды бүлдірген,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Осы дерекпен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Бұл туралы Тараз қаласының әкімдігі мәлімдеген. Әкімдіктің хабарлауынша, биыл мемориал қала әкімдігі мен Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығының бірлескен жұмысы аясында толық абаттандырылып, қайта жаңартылған.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарына ресми арыз жолданып, вандализм дерегімен қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу жүргізіліп, құқықбұзушылыққа қатысы бар адамдардың жеке басы анықталып жатыр.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен жағдай ерекше бақылауға алынған. Сондай-ақ әкімдік мемориалды қалпына келтіру жұмыстарын да бақылауға алғанын хабарлады. Бүлінген ескерткіш жақын арада толық қалпына келтірілмек.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика