2027 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері қазіргі 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін ұлғаяды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл өзгеріс 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында қарастырылған. Бүгін Құрылтай депутаттары «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын екінші және үшінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасына сәйкес, 2027 жылы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау үшін бюджет шығыстары қосымша 114,1 млрд теңгеге ұлғайтылады. Атап айтқанда, ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруге 75,9 млрд теңге бөлінеді. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 20 млрд теңге, орта білім беру саласына жасанды интеллект енгізуге 600 млн теңге қарастырылады. Өзге де бағыттарға 17,6 млрд теңге жұмсалады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын орындауға қосымша 101,5 млрд теңге бағыттау жоспарланған.
