Мемлекеттік органдардың жауаптарына жаңа тәртіп енгізілуі мүмкін

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Құрылтайда өткен брифингте мемлекеттік органдардың БАҚ-та жарияланатын жауаптарын арнайы таңбалау бастамасына түсініктеме берді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Оның айтуынша, арнайы белгі ресми ақпаратты жалған мәліметтерден, түрлі алыпқашпа әңгімелер мен бұрмаланған түсіндірмелерден ажыратуға мүмкіндік береді. Кей жағдайда азаматтар мемлекеттік органның нақты мәлімдемесі мен әдейі таратылған жалған ақпараттың ара-жігін ажырата алмай жатады.

Бұл бастаманы депутаттар қолдаған. Заң қабылданғаннан кейін оны іске асыру тәртібі арнайы заңға тәуелді актімен реттелмек.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика