Қазақстан мен Мальдив арасы аптасына 14 рейске дейін ұлғаяды

Қазақстан мен Мальдив Республикасы арасындағы әуе қатынасы кеңейтіледі. Тұрақты рейстер саны аптасына 7-ден 14-ке дейін ұлғайтылады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Монреаль қаласында өткен ИКАО-ның Әуе көлігі жөніндегі жетінші дүниежүзілік конференциясы аясында белгілі болды. Келісім ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мен Мальдив Республикасы Азаматтық авиация басқармасының төрағасы Абдул Харистің кездесуінде жасалды.

Тараптар сондай-ақ әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі бойынша рейстер орындау мүмкіндігін талқылады. Бұл әуе компанияларына халықаралық бағыттарды кеңейтуге қосымша мүмкіндік береді.

Кездесуде екі ел арасындағы туристік байланыстар мен азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері де қаралды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика