Әмір — Премьер-лигадағы ең қымбат футболшы

«Ордабасы» клубы мен Қазақстан құрамасының 19 жастағы шабуылшысы Жасұлан Әмірдің трансферлік құны Transfermarkt порталының бағалауынша, 2 миллион еуроға өсіп, 2,5 миллион еуроны құрады. Бұл шамамен 1,23 миллиард теңге. Бұл туралы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

Осылайша, Әмір Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшы атанды. Оның көрсеткіші «Астана» жартылай қорғаушысы Иван Башичтің бағасымен тең. Қазақстан құрамасының ең қымбат ойыншылары тізімінде Әмір 2,5 миллион еуромен үшінші орында. Ал көш басында Дастан Сәтпаев (5 млн еуро) пен Максим Самородов (4 млн еуро) тұр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика