“Қателіктер жіберген” Президенттің Сағымбаевты қызметінен не үшін босатқаны айтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты ҰҚК төрағасы қызметінен босату себебін түсіндірді.Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Президенттің айтуынша, ҰҚК-ны реформалау міндеттерін тиімді жүзеге асыру үшін басшылық құрамда кадрлық өзгерістер қажет.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жемқорлыққа қатысы бар лауазымды тұлғаларды ұстау кезінде күштік құрылым қызметкерлері тарапынан жіберілген қателіктерді де ескерген. 

Президент «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларына қатысты істерде сыбайлас жемқорлық белгілері бар екенін атап өтті. Сондай-ақ тергеу амалдарына қатысты барлық ақпараттан бастапқы кезеңнен бері хабардар болғанын жеткізді. Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күрес ұстанымы өзгермейтінін мәлімдеді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика