Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жариялады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Бұған жемқорлыққа қатысы бар тұлғаларды ұстау кезінде күштік құрылым қызметкерлері тарапынан жіберілген қателіктер себеп болған.
Президент ІІМ басшылығымен өткен жиында қызметтік тәртіпті нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ Ержан Сәденовке полицияның қатардағы қызметкерлері мен офицерлік құрамы арасында тәрбие жұмысын күшейту тапсырылды.
