Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының саны 4,5 миллионға өсті. Бұл туралы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері халық саны 4,5 миллион адамға артқан. Сонымен қатар тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 11 жылға ұзарған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметтерінде айтылған.
Осы кезеңде еліміздің инфрақұрылымы да айтарлықтай жаңарған. Мәселен, 1994 жылы 2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл бұл көрсеткішті 20 миллион шаршы метрге жеткізу жоспарланып отыр.
