Бүгін еліміздің 13 облысында қар аралас жаңбыр, кей жерлерде қар күтіледі деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Республикалық маңызы бар жолдардың кей бөлігінде көріну нашарлап, жол тайғақ болуы мүмкін.
Астанада қар аралас жаңбыр жауып, жел екпіні 28 м/с-қа, ал Көкшетау, Петропавл және Таразда 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Күндіз Астанада +6…+8 °C, Алматыда +15…+17 °C, Шымкентте +23…+25 °C болады деп болжанып отыр.
