Қазақстандық конькиші Кристина Шумекова Жапонияның Обихиро қаласында өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде 1000 метр қашықтықта бесінші орын иеленді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Отандасымыз мәреге 1 минут 15,38 секундта жетті. Ол жарыс жеңімпазы, Нидерланд өкілі Ангел Далеманнан 1,68 секундқа қалып қойды.
Күміс жүлдені нидерландтық Изабель Гревелт (1:14.66) иеленсе, қола медаль польшалық Виктория Дабровскаға (1:14.80) бұйырды.
Айта кетейік, Кристина Шумекова әлем кубогының Бейжіңде өткен алғашқы кезеңінде осы қашықтықта күміс медаль жеңіп алған еді.
