Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейс қашан ашылатыны белгілі болды

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсін 2027 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық сараптамалық порталы.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Комитеттің мәліметінше, Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Монреаль қаласында өткен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) әуе көлігі жөніндегі 7-ші Дүниежүзілік конференциясы аясында АҚШ Көлік министрінің авиация және халықаралық қатынастар жөніндегі ассистенті Дэниел Дж. Эдвардспен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі талқыланды. Тараптар рейстерді 2027 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарын қарастырды.

Қазіргі уақытта Қазақстан АҚШ Федералдық авиациялық басқармасының (FAA) қауіпсіздік стандарттары бойынша 1-санатын алуға дайындалып жатыр. Биыл қыркүйек айында АҚШ тарапы аудит жүргізіп, оның алдын ала қорытындысы оң болған.

Талғат Ластаев Қазақстанның АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын орнатуға мүдделі екенін атап өтті.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика