Елімізде іздеуде жүрген, пробация есебінде тұрған және көлік жүргізу құқығынан айырылған 720 мың адам inDrive және Yandex платформаларында тіркелген. Бұл туралы платформалық жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу мәселесіне арналған дөңгелек үстелде мәлім болған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бас прокуратураның мәліметінше, олардың 500 мыңы inDrive, ал 220 мыңы Yandex платформасында тіркелген. Қазір ведомство цифрлық сервистермен деректер алмасу жүйесін жолға қойып жатыр.
Интеграция толық іске қосылғаннан кейін іздеуде жүрген немесе көлік жүргізуге құқығы жоқ азаматтар туралы ақпарат автоматты түрде тиісті мемлекеттік органдарға жіберілмек.
