Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшыны жыл соңындағы әлемнің бірінші ракеткасы деп ресми түрде таныды.

Рыбакина маусымды 8099 ұпаймен аяқтады. Бұл оның мансабындағы жылдық рейтингтің көшбасшысы атанған алғашқы маусымы.

Биыл қазақстандық спортшы «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирде Australian Open және US Open жарыстарында топ жарды.

Осылайша, Елена Рыбакина қазақстандық теннис тарихындағы маңызды жетістіктердің біріне қол жеткізді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика