11 қалада бөлімшелері жұмыс істеген Buyers Union қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Алаяқтық схемадан 332 адам зардап шегіп, азаматтармен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 562 млн теңгеден асқан,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұйым басшылары тұтыну кооперативі ретінде тіркеліп, азаматтарға баспана мен автокөлік алуға пайызсыз несие беруге, сондай-ақ қолданыстағы қарыздарын қайта қаржыландыруға уәде берген.
Алайда қаржы алу үшін жаңа салымшылар тарту міндеттелген. Қатысушылардың төлемдері кейінгі адамдардан түскен қаражат есебінен жүзеге асырылуға тиіс болған.Қаржы пирамидасының бөлімшелері Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал, Көкшетау, Қарағанды, Тараз және Шу қалаларында жұмыс істеген.
Тергеу аясында алты автокөлікке, 5 513 USDT көлеміндегі криптоактивке және басқа да цифрлық активтерге тыйым салынды. Қылмыстық іспен бес күдікті сотқа берілді.
