27 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер көрші елде ұсталды

Павлодар қаласында қарақшылық шабуыл жасағаннан кейін 1999 жылдан бері іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды. Ол Мәскеу облысында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түсті,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 10 айында өңірде іздеуде жүрген 82 қылмыскер тіркелген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың 73-і анықталып, ұсталған.

Сонымен қатар шетелдік құқық қорғау органдарының сұрауымен облыс аумағында іздеуде жүрген 31 адам табылған. Ал Қазақстаннан тыс жерлерде бой тасалап жүрген жеті қылмыскердің орналасқан жері анықталған.

Ұзақ жылдар бойы іздеуде жүрген азаматты ұстау операциясын Павлодар облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Ресей ІІМ-нің Мәскеу облысындағы жедел уәкілдерімен бірлесіп жүргізген.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика