21 қарашадан бастап Қазақстанда оқушылардың сабақтан себепсіз қалуын бақылау күшейтіліп, буллингке қатысты өтініштерді қарау тәртібі өзгереді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Балаларды қорғау басқармасының мәліметінше, елімізде 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың бірыңғай дерекқоры жүргізіледі. Бұған мектеп және мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері, біліммен қамтылмаған, сондай-ақ сабаққа жүйелі түрде себепсіз қатыспайтын балалар туралы мәліметтер енгізіледі.
Сабақтан жиі қалатын оқушылар жөніндегі ақпарат ай сайын полиция органдарымен салыстырып тексеріледі. Ал тиісті деректер әр айдың 10-на дейін Ұлттық білім беру дерекқорына енгізілуге тиіс.
Сонымен қатар буллингке қатысты түскен ақпарат білім басқармаларында бір жұмыс күн ішінде тіркелу керек.
