Әуежайда екі ұшақ соқтығысты

АҚШ-тың Майами халықаралық әуежайында жерде қозғалыс кезінде екі ұшақ соқтығысып, салдарынан екі жолаушы медициналық көмекке жүгінді,-деп хабарлайды  Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оқиға 14 қараша күні кешкі уақытта болған.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, Copa Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар тасымалдайтын Boeing 737 ұшағының қанаты UPS компаниясының Boeing 767 жүк ұшағының тұмсығына тиген.

Sky News басылымының АҚШ Федералдық авиация басқармасына (FAA) сілтеме жасап хабарлауынша, жолаушылар ұшағы терминалға қарай бет алған. Ал UPS компаниясының жүк ұшағы Колумбияның Богота қаласына ұшуға дайындалып жатқан.

Оқиғаға дейін әуе қозғалысын басқару диспетчерлері UPS ұшағының экипажына екінші әуе кемесіне жол беруді тапсырған.

Copa Airlines ұшағында 166 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Соқтығысу салдарынан екі жолаушы медициналық көмек сұрап, әуежай қызметкерлеріне жүгінген. Алдын ала ақпарат бойынша, олардың алған жарақаттары жеңіл. Жүк ұшағының экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика