Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президенті Махмуд Аббасты және Палестина халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент жеделхатында Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған саясатына қолдау білдірген.
Мемлекет басшысы бұл бағыттағы бастамалар халықтың бірлігін сақтауға, ел егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Палестина арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта да нығая беретініне үміт артты.
Жеделхат соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Махмуд Аббасқа жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Палестина халқына құт-береке мен бақ-береке тіледі.
