Қырғызстанда президент сайлауына 11 кандидат қатысады

Қырғызстанда алдағы президент сайлауына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға қатысуға 11 адам өтініш берген.

Олардың қатарында қазіргі президент Садыр Жапаров, кәсіпкерлер, бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер, Жогорку Кенештің экс-депутаттары және Конституциялық палатаның бұрынғы судьясы Клара Сооронқұлова бар.

Кандидаттар тіркелу үшін 2026 жылғы 7 желтоқсанға дейін кемінде 30 мың сайлаушының электрондық қолтаңбасын жинауы керек. Қажетті құжаттар 13 желтоқсанға дейін қабылданып, кандидаттарды тіркеу 23 желтоқсанда аяқталады.

Қырғызстанда президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.

Сайлауды өткізуге 1,2 млрд сом (шамамен 6,06 млрд теңге) жұмсау жоспарланған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика