Астанада көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі

Бүгін, 13 қарашада, Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінде антитеррорлық оқу-жаттығу ұйымдастырылады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық сараптамалық порталы.

Осыған байланысты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 15 мекенжайы маңында көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі.

Елорда жедел штабының мәліметінше, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – құқық қорғау және арнаулы органдардың террористік қауіп-қатер туындаған жағдайда жедел әрекет етуге дайындығын тексеру.

Осыған орай тұрғындардан мемлекеттік органдар қызметкерлерінің талаптарын орындап, оқу-жаттығу барысына кедергі келтірмеу сұралды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика