Алматыда тау шаңғысы курорттары бірыңғай жүйеге біріктіріледі

Алматыда Шымбұлақ пен Oi-Qaragai тау шаңғысы курорттарын байланыстыратын бірыңғай туристік инфрақұрылым құрылады,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Жоба 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Алматы тау кластерін дамыту аясында Кімасар, Бұтақты шатқалдары мен Пионер курорты арқылы жаңа туристік бағыттар ашылып, аспалы жолдар мен шаңғы трассалары салынады.

Сондай-ақ Шымбұлақ, Almaty SuperSki және басқа да туристік нысандарды байланыстыратын ортақ көлік торабы құрылмақ. Бұл туристердің бір курорттан екіншісіне қатынауын жеңілдетеді.

Жоба аясында экологиялық тепе-теңдікті сақтау, су ресурстарын қорғау, қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және құтқару бекеттерін орналастыру да көзделген.

Туризм саласының сарапшысы Еркін Тікеновтің айтуынша, Алматы тау кластері тек қала маңындағы шатқалдармен шектелмейді. Оның аумағы Іле Алатауы бойымен Жамбыл ауданынан Үйгенсай ауданына дейінгі бірнеше жүз шақырымды қамтиды. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар Алматыға жақын, инфрақұрылым тартуға қолайлы аумақтарда жүргізіліп жатыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика