Ақтаудағы 14 сарбаздың өмірін қиған қайғылы оқиғадан кейін Президент Жарлығымен еліміздің қорғаныс саласына 2025 жылдың маусымынан бері басшылық етіп келе жатқан Дәурен Қосанов қызметімен қоштасты,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды,-делінген ақорда таратқан ақпаратта.
Айта кетейік күні кеше Президент Қорғаныс министрлігіне түбегейлі тексеріс жүргізуге тапсырма берді. Тоқаевтың өкімімен құрлыған комиссия құрамында мына тұлғалар бар:
Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;
Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;
Тәкиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;
Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;
Әмрин Азамат Кемеңгерұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
