Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
Бүгін Мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.
17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.
