Абай облысында балалар лагері орналасқан орман алқабы өртеніп жатыр

ТЖМ қызметкерлері Ішкі істер министрлігі және Абай облысының әкімдігімен бірлесіп «DosBolLike» балалар лагері тәрбиеленушілері мен қызметкерлерін алдын ала эвакуациялап үлгерді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Семей қаласына барлығы 220 адам жеткізілді. Оның ішінде 190 бала мен лагерьдің 30 қызметкері бар.
Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалының Камышенка орманшылығының 57-орамында орман алқабы отқа оранғанын мәлімдеді
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ, ЭТРМ, ІІМ, ҚМ, ДМ, ҰҚК және Абай облысы әкімдігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.  Барлық іс-шараларды үйлестіру үшін ҚР ТЖМ Жедел басқару орталығының базасында жедел штаб құрылды. Оның жұмысына барлық жұмылдырылған мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда. Үйлесімді өзара іс-қимылдың арқасында жедел шешімдер қабылданып, жерүсті және авиациялық күштердің жұмысы үйлестіріліп, өртке қарсы іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.
Авиация күшімен өрт ошақтарына жалпы көлемі 89 тонна суды құрайтын 81 рет су төгу жүзеге асырылды. Өрт орнына Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан және Астана қаласынан ТЖМ бөлімшелері, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының, «Ертіс орманы» орман шаруашылығының күштері және ТЖМ әскери бөлімінің жеке құрамы жіберілді.
Алдын ала бағалау бойынша өрттің аумағы шамамен 60 гектарды құрайды. Полиция қауіпті аумақты қоршауға алып, өрт орнына баратын жолдарды жапты. Өрт сөндіру, инженерлік және басқа да арнайы техниканың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар қоғамдық тәртіп сақталып, тұрғындар қалдырған мүлікті күзету шаралары қабылдануда. Жағдай Қазақстан Республикасы ТЖМ Жедел штабының толық бақылауында.
Фото: видеокадрдан

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика