Бүгін Астанада Б. Майлин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде 9-қабаттағы терезе алдында қыздың отырғаны туралы хабарлама түскен,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері пәтер есігін ашып, қызды қауіпсіз жерге шығарып, қайғылы жағдайдың алдын алды.
Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде тұрғын үйдің алдына «өмір кубы» орнатылды. Құтқарушылардың уақтылы әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында 2010 жылы туған жасөспірім құтқарылды,-делінген дереккөз таратқан мәліметте.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Фото: Астана қ. ТЖД баспасөз қызметінен
