Арқалықта мектеп шатырынан өрт шықты

Тілсіз жау қаладағы №5 орта мектеп ғимаратының шатырынан шыққан, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Өрт сөндіру қызметінің мамандары оқиға орнына хабарлама түскеннен кейін үш минуттан соң келді. Келген кезде ғимараттың шатырында шамамен 1100 шаршы метр аумақты алып жатқан ашық өрт байқалған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару тобы мен полиция қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы да болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Ғимараттан 300 метр қашықтықта орналасқан екі өрт гидранттары үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылды.

Фото: Qostanay.TV

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика