Ақмола облысында тұтынушы дүкен сатушысына пышақ кезеді

ОқиғаСтепногорск қаласындағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде болған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрда тұтынушының кенеттен дүкен қызметкеріне шабуыл жасағаны көрсетілген. Оқиға кезінде басқа тұтынушылар жақын жерде болған. солардың көмекке елуінің арқасында дүкенші айтарлықтай ауыр жарақат алған жоқ.

Шабуылдың себебі әлі белгісіз. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйелдің психикалық денсаулығында проблемалар болуы мүмкін.

Полиция департаменті шабуылға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті анықталып, тексеріс жүргізу үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

фото: Ғаламтордан

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика