Украина билігі Днепропетровск облысы, Каменское қаласында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған барельефті (қабырғадағы мүсінді) алып тастамайтын болды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл мәселені қазақстандық белсенді Тұрарбек Құсайынов көтерген.
Ол Назарбаев бұрын Кеңес Одағының басшылық қызметтерінде болғанын айтып, Украина тарапынан оған қойылған қабырға мүсінді алып тастауды сұраған. Сонымен қатар, ол өз хатында Назарбаев билік құр,ған жылдарда өз елі Қазақстанды Ресейге көбірек тәуелдірек етті және әлі күнге дейін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұрады деп атап өткен.
Осыдан кейін Каменское қаласының әкімдігі Украина ұлттық ескерткіштер институтына сұрау жіберіп, Назарбаев туралы ресми пікір сұраған. Институттың басшысы Александр Алферов мынадай қорытынды жасаған:
Назарбаевтың Ресейдің империялық саясатын қолдағаны туралы нақты дәлел жоқ; – ол Украина заңдарын бұзатын тұлға ретінде танылмайды; – барельефте тыйым салынған ешқандай белгі жоқ. Сондықтан бұл барельеф заңға қайшы емес деп шешілген,-деген шешім шығарған.
Тағы бір ескерер жағдай — барельеф Назарбаевқа саясаткер ретінде ғана емес, осы оқу орнының түлегі ретінде де қойылған
Қорытындысында Украина тарапы бұл ескерткішті қалдыру керек деп шешіп, ол екі халық арасындағы жақсы қарым-қатынасты көрсетеді деп бағалаған.
